Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде студенттік ректораттың жаңа құрамы анықталды.

Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен дүниежүзілік сайлау күніне орай студенттік ректораттың жаңа құрамын сайлау басталған болатын. 

10 ақпан күні аталған шараның дауыс беру процесі өтті. Бұған дейін сайлауға түскен үміткерлер бір апта бойы өз бағдарламаларын таныстырып, университеттің дамуына үлес қосуда маңызды санаған өз жоспарларын таныстырды.

Білім алушыларымыздың белсенді дауыс беруінің нәтижесінде сайлауда әділ түрде жаңа студенттік ректорат құрамы анықталды. Нәтижесінде:

Студенттік ректорлыққа – Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, 6В05305-Физика мамандығының 3 курс студенті - Рахматуллаева Роза Әсетқызы  72% көрсеткішпен сайланды.

Әлеуметтік жұмыс және студенттер ісі жөніндегі студенттік проректорлыққа - Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, 6В01514 информатика-робототехника ббб 2 курс студенті - Жумагазиева Асемгуль Нургазыевна  51% дауыс жинады.

Академиялық мәселелер жөніндегі студентенттік проректорлыққа - Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, 6В01514 информатика-робототехника ббб 2 курс студенті – Сауренова Диана Нұрбекқызы  28%  дауыспен жеңімпаз атанды.

Ғылыми даму және стратегиялық мәселелер жөніндегі студенттік проректорлыққа – Педагогика және психология институты, 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс студенті – Бекмұрат Диана Байділдақызы 54% дауыспен жеңіске жетті.

Инфрақұрылымдық даму жөніндегі студенттік проректорлыққа – Филология институты, 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау мамандығының 2 курс студенті – Сансызбай Баян Кеулімжайқызы 94% дауыс жинады.

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бастамаларыңыз бен идеяларыңызды арқау еткен алдағы жобалар университетіміздің дамуына серпін беріп, студенттердің өмір сапасын жақсартуға ықпал ететініне сенеміз.