14 ақпан күні Suleyman Demirel University базасында «Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика» мектебінің ұйымдастыруымен «QueenCodes» республикалық бағдарламалау сайысының II (финалдық) кезеңі өтті.
Финалдық кезең қорытындысы бойынша университетіміздің «6В01514 – Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасының студенттері Әбдірәсіл Айдана, Наралы Жарқын, Зулпыхар Кәусар жүлделі III орынға ие болды.
Беделді республикалық додада студенттеріміз алгоритмдік есептерді шешу шеберлігі мен бағдарламалау дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді. Командалық үйлесімділік пен уақытты тиімді басқару қабілеті олардың жеңіске жетуіне негіз болды.
«QueenCodes» сайысы – жас бағдарламашылардың кәсіби шеберлігін шыңдап, ІТ саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң.
Студенттерімізді лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы зияткерлік жарыстарда жаңа биіктерді бағындыруларына тілектеспіз!