20 ақпан Педагогика және психология институты Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен «Студенттік бюджет: табыс пен шығынды басқару» семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің қаржы сауатын арттыру, жеке бюджет жүргізу дағдыларын қалыптастыру және табысты болашақты тиімді жоспарлауға үйрету.

Семинарда қазақ тіліндегі тұңғыш инвестиция жайлы «Инвестор бол»  кітабының авторы және инвестициялық кеңесші – Әділбек Исламбек Ерболұлы спикер болып, тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу барысында бюджет құру алгоритмі, табыс көздерін тиімді басқару, жинақ қалыптастыру және инвестицияның алғашқы қадамдары туралы тың ақпараттар берілді.

Шара нәтижесінде студенттер қаржыны үнемдеу, жоспарлауды үйреніп, өздерін толғандырған сұрақтарды еркін қоя отырып, кеңесшіден нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.