Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жүректе қалған студенттік шақ» атты түлектерді шығарып салу кеші өтті. Мерекелік кешті Жаратылыстану институтының «Zerde» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – «Zerde» ұйымында белсенділік танытып, студенттік өмірде елеулі із қалдырған түлектерге құрмет көрсету, олардың жарқын студенттік шақтарын еске алып, болашақ өмір жолына сәттілік тілеу болатын.

Мерекелік кеште Қазақ ұлттық қыздар педегогикалық университеті, Әлеуметтік даму және студенттер ісі жөніндегі проректор – Жұманқұлова Еркін Нұрсағатқызы құттықтау сөз сөйлеп, Жаратылыстану институтының директоры – Байташева Гаухар Өмірәліқызы, Әлеуметтік жұмыс және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары – Садыкова Дамежан, Адилхановна Академиялық мәселелер жөніндегі директор орынбасары – Батаева Дариға Серікқызы жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты кешке оқу орнының басшылығы, оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Бағдарлама барысында  «Zerde» ұйымының студенттері көрермендер үшін ойындар ұйымдастырып, белсенді студенттер марапатталып, әсерлі би, әуезді әуен мен естелік бейнероликтер көрсетілді.  Жаратылыстану институтының студенттік директоры Ізтұрғанова Мадина Нұрланқызы «Zerde» ұйымының ресми туы мен міндетін келесі ізбасарына табыстады. 

Бұл түлектер үшін ғана емес, «Zerde» ұйымы үшін де ерекше, жүрекжарды сәттерге толы кеш болды.