Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен University of Sussex British Council қаржыландыратын «Орталық Азиядағы инклюзивті ағылшын тілін оқытуда болашақ көшбасшыларды дамыту» бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласында бірлескен кәсіби даму семинарларын өткізді.
Жобаның мақсаты – Орталық Азия елдері арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, ағылшын тілін оқыту сапасын арттыруға және білім беру саласындағы болашақ көшбасшыларды даярлау.
Семинарды БББ Интернационалдандыру орталығының басшысы Задаханова Алия Азатхановна, «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының аға оқытушылары Кенжетаева Асель Серікболатовна мен Мырзаханова Фарида Муратқызы жүргізді.
Халықаралық жоба аясындағы іс-шаралар Қазақстан мен Өзбекстаннан келген қатысушыларға арналды. Семинарлар Бұхара педагогикалық университеті және Азия халықаралық университеті базасында ұйымдастырылды.