Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының филиалы №59 мектеп-гимназиясында ашылды.
Бұл – білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, білім сапасын арттыруға және оқушылардың ғылыми-шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды қадам.
Кафедра филиалының ашылу мақсаты – оқушылардың пәндік білімін тереңдету және сапасын арттыру, ғылыми жобаларға, пәндік олимпиадаларға, шығармашылық байқауларға жүйелі дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы әдістемелік байланысты күшейту, заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізу.
№59 мектеп-гимназиясында Қазақ әдебиеті кафедрасының филиалын ашу – сапалы білім мен ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам.