25 ақпан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының ұйымдастыруымен Қазақ - Иран тарихи-мәдени байланыстарын дамытуға арналған кездесу жасады.

Іс-шара мақсаты – екі ел арасындағы ғылыми, мәдени және білім беру байланыстарын жаңа деңгейге көтеру.

Басты қонақ ретінде Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы атташесі, Иран мәдени орталығының басшысы Ағазаде Хоссейн мырза шақырылды.

Кездесу барысында екі елдің ортақ тарихи-мәдени сабақтастығын зерттеу, жазба мұралар мен мәдени құндылықтарды насихаттау, білім және ғылым саласындағы байланыстарды дамытуға бағытталған жұмыстар талқыланды.

Сондай-ақ, қонақ университет мұражайындағы тарихи жәдігерлер және экспозициялармен танысты.