24 ақпанда университетімізде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «Ғибрат» орта мектебінің 50 оқушысына арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы Қабылдау және кәсіби бағыт-бағдар беру бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

Кездесудің мақсаты – мектеп түлектерінің саналы түрде мамандық таңдауына және болашақ оқу орнын дұрыс анықтауына мүмкіндік беру.

Іс-шара барысында талапкерлерге университетке қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, грант мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат берілді. Институттардың кәсіби бағдар мамандары әр бағыт бойынша толық түсіндірме жасап, оқушылардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынды.

Кездесу аясында қонақтарға арнайы кампус-тур ұйымдастырылды. Түлектер «Ақ тұмар» музейін, «Арт галереяны», сондай-ақ Сералы Қаниев атындағы кітапхананы аралап, университеттің оқу және ғылыми инфрақұрылымымен танысты.