27 ақпанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанынан құрылған «Информатика» және «Математика» білім беру бағдарламалары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесте Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша ізденуші Маратова Толғанай Фархатқызы «STEM білім беру негізінде болашақ информатика мұғалімдерін дайындау әдістемесін жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Аталған диссертациялық жұмыс STEM білім беру негізінде болашақ информатика мұғалімдерін даярлаудың мазмұндық-құрылымдық моделін әзірлеуімен, кәсіби құзыреттіліктерді кешенді қалыптастыруға бағытталған пәндік мазмұнды жүйелеуімен және жасанды интеллект ассистентімен интеграцияланған авторлық цифрлық ресурс пен Python бойынша оқу-әдістемелік құралды әзірлеп, оны тәжірибеде іске асыруымен ерекшеленеді.

Докторлық диссертацияның ғылыми кеңесшілері - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Бостанов Бектас Ганиевич және шетелдік ғылыми кеңесшісі, Братиславадағы экономикалық унивеситетінің (Словакия) PhD, қауымдастырылған профессоры Култан Ярослав.