«Алатау» дәстүрлі өнер театры мен Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Хореография және Арт-менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен, «Дәстүрлі және заманауи ән өнерінің сабақтастығы» атты шеберлік сабақ өтті.
Шеберлік сабақтың мақсаты - студенттердің рухани дамуына, шығармашылық әлеуетінің артуына үлес қоса отырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне оң әсер ету.
Шарада Куралай Мырзалинова – театр және кино актрисасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, әнші, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі, Бақдәулет Оразбек – «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі, әнші, «The Voice Kazakhstan» жобасының финалисті және Рахманбердиева Зарина Нургалиевна - «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі, дәстүрлі әнші басты қонақ ретінде өз тәжірибелерімен бөлісті.