Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қолданбалы математиканы оқытудағы инновациялық әдістер талданған республикалық ғылыми-әдістемелік семинар болды.

 Іс-шара мақсаты –  қолданбалы математикалық білімнің мазмұны мен әдістемесін жетілдіру арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, математикалық білімді өмірлік және пәнаралық жағдаяттарда тиімді қолдану құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған заманауи педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, тарату және кәсіби диалог алаңын қалыптастыру.

Семинарға жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, мектеп мұғалімдері, әдіскерлер және білім беру саласының мамандары қатысып, қолданбалы математиканы оқытудағы инновациялық әдістер мен пәнаралық интеграция тәжірибелерімен бөлісті.

 Ұйымдастырушылар: Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының Математика кафедрасы, Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы және Сұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей.