25-27 ақпан аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқытушылар алмасу бағдарламасы аясында халықаралық рейтингі бар журналдардағы ғылыми зерттеулер мен жарияланымдардың сапасын жақсарту бойынша бірқатар семинарлар өтті.

Ғылыми семинарлардың негізгі мақсаты – ғылымдағы жаңашыл зерттеу нәтижелерін студенттерге, магистранттар мен докторанттарға таныстыру, заманауи ғылыми бағыттардың практикалық маңызын көрсету, сондай-ақ тәжірибелі ғалымдардың зерттеу тәжірибесімен бөлісуі арқылы жас зерттеушілердің ғылыми ойлау қабілетін дамыту және ғылыми ізденіске ынталандыру.

Спикерлердің арасында жарияланымдары жоғары ғалымдар болды: Жаратылыстану ғылымдары институтының химия кафедрасының аға оқытушысы А.Сабитов;

Жаратылыстану ғылымдары институтының химия кафедрасының аға оқытушысы Сәбитов Айтуған Нұрболатұлы;

Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының информатика кафедрасының доценті Бостанов Бектас Ганиевич;

Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Оналбаева Айгуль Тыныбековна;

Генетика және физиология институтының биология ғылымдарының кандидаты Бекманов Бакытжан Оракбаевич;

Педагогика және психология институтының психология кафедрасының бағдарлама жетекшісі Топанова Гулмира Түяққызы.

Аталаған семинарлар ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді қамтып, халықаралық деңгейдегі жарияланым талаптарын терең түсінуге мүмкіндік берді.