Қазіргі таңда университетіміздің білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасындағы Невшехир Хаджи Бекташ Вели университетінде білім алып жатыр.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының мақсаты -- қазақстандық жоғары білім беру жүйесін халықаралық білім кеңістігімен ықпалдасуға, білім сапасын арттыруға және оның әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін нығайту.
Аталған бағдарлама бойынша төмендегі білім алушылар шетелдік жоғары оқу орнында өз білімдерін жетілдіруде:
- Туризм, 3-курс: Карпат Арайлым Карпатқызы Мадемихан Ақмаржан Бисенбайқызы Балықбаева Жібек Нұрлыбекқызы
- Биология IP, 2-курс: Әбдімұрат Жансая Рахымжанқызы
- Педагогика және психология, 3-курс: Тлепалды Дана,Қанатқызы Шүренбай, Жанел Ерсұлтанқызы,Тайбасар Ақсұлу Шапағатқызы, Ибрагим Асем Кеңесқызы
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 3-курс: Джұмаддин Баянсулу Айбекқызы
Білім алушылар оқу үдерісімен қатар ғылыми жобаларға, түрлі академиялық іс-шараларға және студенттік бастамаларға белсенді қатысып, мәдениетаралық қарым-қатынас арқылы кәсіби әрі тұлғалық тәжірибе жинақтауда.
Университет алдағы кезеңде де білім алушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, олардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге және халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.