Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институты, Шетел тілін кәсіби даярлау кафедрасы, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференциясы өтті.
Практика барысында студенттер:
- “Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі" КММ;
- "Мүсілім Базарбаев атындағы №138 мектеп-гимназия" КММ;
- "Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия" КММ;
- "№59 мектеп-гимназия КММ";
- "№204 жалпы білім беретін мектеп КММ,
- " №176 мектеп-гимназия" КММ;
- "№132 мектеп-гимназия" КММ;
- "№107 лицей" КММ;
- "Galaxy Халықаралық мектебі" мекемесі;
- "Baiterek School of Science and Technology" ЖШС;
- "№42 жалпы білім беретін мектебі" КММ;
- “Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей" КММ
- “Nº90 мамандандхырылан мектеп-лицей” мекемелерінде тәжірибе алмасты.
Конференция аясында студенттер практика кезеңінде атқарған жұмыстарын жан-жақты талдап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар мектеп-лицейлер мен мектеп-гимназиялар базасында сабақ беріп, педагогикалық қызметтің қыр-сырын меңгерді.
Студенттер презентацияларын қорғау барысында сабақ жоспарлары, қолданған әдіс-тәсілдері, жүргізген шағын зерттеулері және практика кезінде кездескен нақты педагогикалық жағдайлар туралы толық әрі мазмұнды ақпарат ұсынды.
Университет алдағы уақытта да болашақ мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуына жағдай жасап, олардың практикалық дағдыларын жетілдіру мен педагогикалық шеберлігін арттыруға бағытталған қолдау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.