3-5 наурыз аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА) Сыртқы сараптама комиссиясының халықаралық мамандандырылған аккредиттеу шеңберіндегі ресми сапары өтіп жатыр.
Аккредиттеу барысында сарапшылар 22 білім беру бағдарламаларының сапасын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалайды.
Сапар бағдарламасында, Сыртқы сараптама комиссиясы университет басшылығымен, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерімен, білім беру бағдарламаларының директорларымен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастырылған. Сонымен қатар оқу үдерісі, құжаттамалар және материалдық-техникалық база зерделенеді.
Халықаралық аккредиттеу – университеттің стратегиялық дамуы мен білім сапасын үздіксіз жетілдіру жолындағы маңызды қадам.