QyzPU Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі  кафедрасының  эдвайзері, педагогика ғылымдарының кандитаты, қауымдастырылған профессор м.а. Шолпан Нурсапаевна Альдибекова мен Бастауыш білім беру мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен   «Пай-пай, қазақтың аналары-ай, ғасыр куәгерлері» атты Talk-show форматындағы мерекелік кеш өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — тағдыры әртүрлі аналардың өмір жолын көрсету арқылы студенттердің анаға және ұстаздарға деген құрмет сезімін қалыптастыра отырып, қыз баланың бойындағы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Кешке 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгері, дене мүмкіндігі шектеулі болса да өмір сынақтарына мойымаған ана, «жазылмайтын дерт» диагнозына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанып жүрген жан және педагогикалық салада ұзақ жыл еңбек еткен ұстаз-ана қатысып, тәжірибелерімен бөлісе отырып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Talk-show форматында өткен іс-шарада студенттер ән айтып, би билеп, көрермендер интерактивті диалог құрды.

Кештің көркемдік бөлімі «Алатау өнер театр» дәстүрлі әншілері Әбілбайов Рауан мен Жұмаділов Асқардың орындауындағы ән шашуларымен толықтырылды.