3 наурызда Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологтары Төлеуғалиева Ақбота Нұрланқызы және Есенаманқызы Назерке №4 жатақхананың студенттеріне арналған «Болашағың өз қолыңда: зиянды әрекетке жол жоқ» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – студенттер арасында зиянды әрекеттердің алдын алу, саналы әрі жауапты таңдау жасау дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жеке тұлғалық жауапкершілікті арттыру.
Тренинг барысында зиянды әдеттер мен тәуелділіктің психологиялық себептері, құрбы-құрдас ықпалына қарсы тұру жолдары, «жоқ» деп айта білу дағдысы, стрессті қауіпсіз тәсілдермен жеңу әдістері және өмірлік құндылықтарды айқындау мәселелері талқыланды. Қатысушылар интерактивті жаттығулар мен пікірталастар арқылы өз таңдауларының болашаққа әсерін саралап, қауіпсіз мінез-құлық стратегияларын меңгерді.
Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» аясында жүзеге асырылып жатыр.