Алматы қаласында Сәтбаев университеті базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызының қатысуымен жастармен мазмұнды кездесу өтті.

Кездесуге Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының белсенді студенттері қатысып, жастардың азаматтық белсенділігі мен қоғамдағы рөліне қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

Жиын барысында қатысушылар жаңа Конституцияға қатысты өз ойларын білдіріп, оның қоғам дамуы мен мемлекеттің болашағы үшін маңызын талқылады. Сонымен қатар жастар алдағы 15 наурыз күні өтетін референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.

Кездесу аясында студенттердің қоғамдық белсенділігі мен университет өміріне қосқан үлесін атап өту мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан алғыс хаттар табысталды.

Аталған марапатқа ие болғандар:

  •   Оңласын Нұрайлым Рахатқызы – Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының 4 курс студенті;
  •   Жанайева Ләззат Айболатқызы – Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының 4 курс студенті.