8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова университеттің ардақты ұстаздары мен аяулы аналарына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.

Кездесу барысында университетте ұзақ жылдар еңбек еткен педагогика ғылымдарының докторы Қазына Аймағамбетоваға, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Білім беру ісінің үздігі, әнші әрі композитор Ағайша Исағұловаға, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман Әлиқызына көктемнің шуақты мерекесіне орай құрмет көрсетілді. 

Ректор өз сөзінде қадірлі ұстаздардың білім мен мәдениет саласының дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесін атап өтіп, зор денсаулық тілеп, еңбектері үшін алғыс білдірді.