4 наурыз Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастамасымен кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік студенттерге арналған кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларды университеттің оқу үдерісімен, ішкі тәртіп ережелерімен және академиялық талаптарымен таныстыру, сондай-ақ құжаттандыру, тіркеу және бейімделу мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат беру.
Іс-шараға Сотим Улуғзода атындағы Тәжік халықаралық шет тілдер университеті (Тәжікстан Республикасы), Академик Кусеин Карасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университеті (Қырғыз Республикасы) және Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінен (Қырғыз Республикасы) келген студенттер қатысты.
Студенттердің сұрақтарына толық жауаптар беріліп, оқу кезеңінде туындайтын мәселелер бойынша кеңестер айтылды.
Кездесу шетелдік студенттердің жаңа білім беру ортасына бейімделуіне және академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы оқуын сәтті бастауына бағытталды.