Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) сыртқы сараптама комиссиясының жұмыс сапары өз мәресіне жетті.
Аудит барысында сарапшылар оқу орнындағы білім беру бағдарламаларының нарықтағы сұранысқа сәйкестігін анықтау мақсатында түлектермен және жұмыс берушілермен кездесті.
Комиссия мүшелері тек құжаттамалық тексерумен шектелмей, дәрісханалар мен практика базаларын аралады. Бұл студенттердің дайындық деңгейін және оқытушылардың заманауи әдістемелерді қолдану шеберлігін тікелей оқу үдерісінде бақылауға мүмкіндік берді.
Сапар соңында Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова Сәрсемханқызының қатысуымен сарапшылардың қорытынды кездесуі өтті.
Университеттің оқу корпустары мен ресурстық базасына жүргізілген инспекция QyzPU халықаралық стандарттарға сай және білім сапасын жаһандық трендтерге сәйкес үздіксіз арттыруға басымдық беретінін растады.