Халықаралық әйелдер күніне орай отандық әйел ғалымдарға арналған академик Найля Базанова атындағы марапат ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының  бастамасымен еліміздің білім, ғылым саласында жетістікке жеткен білікті әйелдерге табысталды.

Іс-шараға ғылымды дамытуға айрықша үлес қосқан жетекші әйел-ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, оқутышулар мен жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.

Жиын барысында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев әйел ғалымдардың қоғамдағы ерекше орны мен ғылымдағы елелулі жетістіктерін айрықша атап өтті.

Салтанатты рәсімде аталған арнайы марапат Қазақ ұлттық қыздар университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы мен PhD, қауымдастырылған профессор Топанова Гүльмира Түяққызына берілді.

Айта кетейік, академик Найля Базанова – Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы әйел-академик, биология ғылымының жаңа саласының - ауыл шаруашылығы жануарлары физиологиясының негізін қалаушы.