Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды 8 наурыз мерекесі қарсаңында мегаполистегі табысты әйелдермен кездесу өткізді.

Әкім салтанатты іс-шарада қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтап, әлемге мейірім шуағын шашып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген әйелдер қауымына жылы лебізін білдіріп, құрмет көрсетті.

Салтанатты жиынға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төраға - Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы арнайы қатысты.

Дөңгелек үстел басында қоғамға елеулі өзгеріс әкелген, өз ісінің маманы әрі тағылымды, табысты әйелдер бас қосып, мемлекет тарапынан мереке қарсаңында ерекше ілтипатқа бөленді.