Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған «Арулар – асыл жандар» атты салтанатты концерт ұйымдастырылды.

Мерекенің шымылдығын ашқан Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова Сәрсемханқызы университет ұстаздарын көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады.

Салтанатты сәтте білім беру саласындағы ерен еңбегі үшін бірқатар оқытушыға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық марапаттары мен Алматы қаласы Білім басқармасының Құрмет грамоталары табысталды.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, университет ұжымы мен оқытушылары әннен шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында түрлі институттардың өкілдері өнер көрсетіп, аналарға, аруларға және әйел затына арналған әсерлі әндер орындалды.

Бұл мерекелік жиын университетіміздегі әйел азаматтарға деген құрметтің, ізгі тілек пен шынайы ықыластың жарқын көрінісі.