Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің магистранттары Түркия Республикасының іргелі оқу орындарының бірі – Gazi University базасында халықаралық ғылыми тағылымдамада.
«Информатика» және «Цифрлық педагогика» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы жас ғалымдар қазіргі таңда бауырлас елдің жетекші профессор-оқытушылар құрамымен тығыз байланыс орнатып, білім беру технологиялары мен компьютерлік оқытудың заманауи трендтерін меңгеру үстінде.
Ғылыми сапардың мақсаты – информатика пәнін оқытудағы инновациялық әдістер мен цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдануды зерделеу. Магистранттар өздерінің зерттеу тақырыптары бойынша жетекші мамандардан кәсіби кеңес алып, ғылыми жұмыстарын жетілдіруге бағытталған құнды ұсыныстарға ие болды.
Тағылымдама бағдарламасы аясында магистранттар тек теориялық дәрістермен шектелмей, практикалық сабақтарға белсене қатысып, университеттің бай кітапхана қоры мен ғылыми зертханаларында зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы магистрлік диссертацияларына қажетті тың деректерді жинақтауда