Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйытқы болуымен студенттеріміз үшін қасиетті Рамазан айына арналған ауызашар ұйымдастырылды.
Үш күнге созылатын бұл игі бастама аясында университеттің 1000-ға жуық білім алушысына ауызашар дастарханы жайылады.
Рухани кештің алғашқы күніне Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Тугба Алан Өзденфедакар ханым, Білім атташесі Шүкүр Косе және Сауда атташесі Экрем Алпер Бозкурт арнайы қатысты.
Мәртебелі меймандар студенттерді қасиетті аймен құттықтап, Рамазанның бірлік пен мейірімділікке негізделген рухани құндылықтары туралы жылы лебіздерін білдірді.
Шараның алғашқы күнінде 300-ден астам студент бас қосып, бауырлас елдердің достық ниетіне куә болды. Университет басшылығы студент жастарға әлеуметтік қолдау көрсетіп, жоғары жауапкершілік танытқан серіктестер мен демеушілерге айрықша алғысын білдірді.