Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған үш күндік ауызашар шарасы өз жалғасын тапты.

Игі шараның екінші күнінде оқу орнының Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова студенттермен бірге ауызашарға қатысты.

                                                 

Ректор білім ордасындағы ауызбіршілік пен тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, жастарға жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, Бейбіткүл Сәрсемханқызы осы игі іске мұрындық болған Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығына демеушілік қолдаулары үшін шынайы алғысын жеткізді.