Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Хореография» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Амирбекова Гүлнар, Кононович Ангелина, Серікпай Гаухар және Жалғасбай Дамира Өзбекстандағы Uzbekistan State Academy of Choreography базасында оқу үдерісін жалғастырып жатыр.
Академиялық ұтқырлық – жоғары білім беру жүйесінде сапалы білім беруді қамтамасыз ететін және халықаралық серіктестікті нығайтатын тиімді механизм.
Халықаралық академиялық ортада білім алу студенттердің кәсіби дайындығын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ мәдениаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Осы бағытта университет студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал ететін халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейту жұмысын жүйелі түрде жалғастырады.