Атырау қаласында Jaña Bilim Hub заманауи білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Жас маманнан – кәсіби шеберлікке» атты облыстық форум өтті.
Білім беру форумының мақсаты – жас педагогтерді қолдау, олардың кәсіби дамуы мен қалыптасуына ықпал ету, сондай-ақ білім беру жүйесіне заманауи тәсілдер мен технологияларды енгізу.
Форумда QyzPU ғалымдары – Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Ерзат Жанбота “Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуда AI негізді контент” және Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Нарбекова Маржан Ерғабылқызы “Оқыту сапасын арттыруда цифрлық технологиялар мен ЖИ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану” тақырыбында баяндама жасады.
Форумға жас мамандар, тәжірибелі педагогтер, әдіскерлер және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Jaña Bilim Hub – білім беру саласындағы инновациялық жобаларды, компаниялар мен шешімдерді біріктіріп, дамытатын заманауи білім беру платформасы.