Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Түркия Республикасының Ондокуз Майыс Университетінің өзара түсіністік туралы меморандум аясында, халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби және ғылыми әлеуетін арттыру, сондай-ақ халықаралық білім беру тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік жасау.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ондокуз Майыс Университетінде білім алып жатқан студенттер:

«Шетел тілдері IP» білім беру бағдарламасы, 2-курс:
  – Шамидолла Айару
  – Қасым Гүлім
  – Пернебай Мерей
  – Жамбул Айгерім

«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы, 2-курс: Рсалиева Назым Блалқызы

«Психология» білім беру бағдарламасы, 2-курс: Әділхан Альбина Алиқызы

«Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасы, 2-курс:
  – Қалихан Дана Қанатқызы
  – Болатова Дана Галымовна
  – Мусахан Аруна Ержанқызы

«Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі және логопеді» білім беру бағдарламасы, 3-курс: Райымжан Нұрай Есболқызы.

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, мәдениетаралық байланыстарды нығайтуға да ықпал етеді.