Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы магистранттар Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университеті базасында ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Шетелдік іс-сапардың негізгі мақсаты – білім беру саласындағы халықаралық озық тәжірибені меңгеру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру.
Қазіргі таңда магистранттар арнайы семинарларға қатысып, танымал ғалымдардан дәріс алуда. Атап айтқанда, магистранттар Шырайлым Дәулетқызы мен Альбина Оразбаеваға Нийде Өмер Халисдемир университетінің профессоры Asim Soylu жетекшілік етеді. Олар оқу орнының заманауи зертханаларында зерттеу жүргізіп, бай кітапхана қорын пайдалана отырып, магистрлік диссертацияларына қажетті құнды мәліметтерді жинақтауда.