Ташкент қаласында Британдық кеңес ұйымдастырған «Ағылшын тілі және инклюзия бойынша серіктестік» халықаралық саммиті өтті. Іс-шарада Ұлыбритания мен Орталық Азияның жетекші университеттері мүше болды.
Саммитке QyzPU атынан «БББ интернационалдандыру орталығының» басшысы Задаханова Алия Азатхановна және «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының аға оқытушылары Кенжетаева Асель Серікболатовна мен Мырзаханова Фарида Мұратқызы қатысты.

Университет өкілдері серіктес Сассекс университетімен бірлесіп жүзеге асырылған жоба аясында инклюзивті ортада ағылшын тілін оқыту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді таныстырды.
Айта кетейік, 2025–2026 жылдары Британдық кеңес үйлестіретін «Ағылшын тілі және инклюзия» акселераторлық бағдарламасы Ұлыбритания мен Орталық Азия жоғары оқу орындары арасындағы 11 серіктестік жобаны қаржыландырды.