Кәсіби практика және мансап бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Менің практикадағы 1 күнім» атты видео челленджі өз мәресіне жетті. Аталған жобаны қорытындылай отырып, белсенді қатысушыларды марапаттау рәсімі жасалды.
Бұл бастаманың басты мақсаты – болашақ мамандардың креативті ойлау қабілетін дамыту, өндірістік практика барысын ашық көрсету және жас мамандардың кәсіби қадамдарын бейресми форматта таныстыру. Сондай-ақ, жоба білім алушылар мен базалық мекемелер арасындағы тығыз байланысты нығайтуға бағытталған.
Челлендж нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған студенттер:
- І орын: Сапарова Сабина
- ІІ орын: Хамит Аружан, Қожағұл Гүлнұр
- ІІІ орын: Баймұрат Ардақ, Атаева Альбина, Абылаева Айгүл
Сонымен қатар, үздік жұмысымен ерекшеленген Тағай Дильназ «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.