«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік ішараның мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыру.
Іс - шара барысында студенттер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын дәріптеп, Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын кеңінен таныстырды.
Бағдарлама аясында ұлттық ойындар, ән-би, көріністер ұсынылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: п.ғ.м., оқытушы Аликулова Айнұр Берікқызы мен п.ғ.м., аға оқытушы Тұздыбаева Ақтоты Төлеубаевна.