Филология институты, Практикалық шетел тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «ЖИ құралдарының зерттеу және білім беру процесінде қолданысы» тақырыбында ғылыми дәріс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасанды интеллект құралдарының қазіргі білім беру жүйесінде және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылу мүмкіндіктерін таныстыру, олардың тиімділігі мен заманауи білім беру үдерісіндегі рөлін талқылау.
Ғылыми дәрісті Нұржан Әбдіразақ, «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, Alanya Alaaddin Keykubat University университетінің PhD докторанты жүргізді.
Спикер дәріс барысында жасанды интеллекттің ғылыми зерттеулерді жүргізудегі, академиялық мәтіндер дайындаудағы және білім беру процесін жетілдірудегі мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллекттің ғылыми этика, академиялық адалдық және білім сапасына әсері жөнінде пікір алмасты. Студенттер мен оқытушылар сұрақтар қойып, тәжірибелік ұсыныстар алды.