Бүгін еліміз үшін маңызды тарихи сәт — Республикалық референдум өтуде. Референдум аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында №102 және №105 сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысына кірісті.

Университет қабырғасында орналасқан бұл учаскелер кешкі сағат 20:00-ге дейін азаматтарды қабылдап, дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығын толық қамтамасыз етеді. «QyzPU» ұжымы мен студенттері саяси науқанға зор жауапкершілікпен қарауда. Әсіресе, университеттің белсенді жастары таң ертеңнен бастап өз таңдауларын жасап, азаматтық ұстанымдарын білдіруде.

                                               

Сондай-ақ, аталған учаскелерге университет маңындағы жергілікті мекен тұрғындары да қарқынды келуде.

Айта кетейік, сайлау учаскелерінде дауыс берушілер мен байқаушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қауіпсіздік пен тәртіп қатаң сақталып, процесс бекітілген регламентке сәйкес жүруде.