QyzPU студенті, Ясмина Тоқсанбаева Жапонияның Номи қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатынан күміс жүлде иегері атанды.
Ясмина спорттық жүрістен жартылай марафон қашықтығын 1:37:17 уақытында бағындырып, мәре сызығын екінші болып қиды.
Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Азия чемпионатындағы алғашқы медалі. Еліміз үшін мұндай дисциплинада соңғы 16 жылда болмаған тарихи нәтиже!
Ясмина Тоқсанбаева – жеңіл атлетикадан Қазақстан рекордшысы және әлем чемпионы (Токио, Жапония).