Waseda University профессоры Tania Hossain Шетел тілін кәсіби даярлау кафедрасының докторанттарына “Strategies for faster publication” тақырыбында семинар өткізді.

Іс - шара мақсаты – ғалымдарға ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргізу барысында кеңінен қолдау көрсету.

Семинар барысында халықаралық ғылыми журналдарда мақалаларды жариялау үдерісін жеделдетудің тиімді стратегиялары, ғылыми мақаланы дұрыс құрылымдау, жоғары рейтингті журналдарды таңдау, сондай-ақ рецензиялау процесінің негізгі талаптары туралы құнды мәліметтер ұсынылды.

Кездесу барысында докторанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ғылыми жарияланымдарды дайындау бойынша тәжірибелік кеңестер алды.