Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Уаисов Болат Уаисұлының мерейлі 75 жасқа жасқа толуына орай салтанатты жиын өтті.

Университет ұжымы білікті ұстаз, ғалым Болат Уаисұлын айтулы мерекесімен құттықтап, отандық білім мен ғылым саласының дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Салтанатты шара барысында Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова мерейтой иесіне кәсіби қызметіндегі адалдығы, ғылым жолындағы қажырлы еңбегі мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан тың үлесі үшін ерекше алғыс білдіріп, ұжымның құттықтауын жеткізіп, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Болат Уаисұлы – математика ғылымында өзіндік қолтаңбасы бар, көптеген іргелі ғылыми еңбектердің авторы. Жиын барысында әріптестері мен университет ұстаздары ақжарма тілектерін арнап, ғалымның адамгершілік қасиеттері мен кәсіби шеберлігіне тоқталды.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы Болат Уаисұлын тағы да мерейлі белесімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, қажымас қайрат және ғылыми ізденістеріне табыс тілейді!