Филология институтында Практикалық шетел тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның ұлттық идеологиясы: әралуандықтағы бірлік» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге Қазақстан Республикасының ұлттық идеологиясының негізгі құндылықтарын түсіндіру, көпэтносты қоғамдағы өзара келісім, толеранттылық және әртүрлі мәдениет пен халықтар арасындағы өзара құрмет қағидаларын нығайту.
Іс-шара барысында мәдени кодты сақтау, тіл мен дәстүрдің қоғамдық бірлікті нығайтудағы рөлі талқыланды.
Студенттер шараға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, белсенділік танытты.