Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Физика білім беру бағдарламасы студенттерінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына арналған «Наурыз қуанышы – әр шаңыраққа» мерекелік іс-шара өтті.

Шара Наурызнама онкүндігінің Шаңырақ күніне арналды. Бұл  – отбасы құндылықтарын, бірлік пен татулықты дәріптейтін ерекше күн.

Мерекелік кештің негізгі мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениетін насихаттау, студенттердің бойында рухани-мәдени құндылықтарды қалыптастыру және шаңырақтың берекесі мен ынтымағын дәріптеу.

Концерттік бағдарлама барысында хор мен жеке орындаудағы әндер шырқалып, күй күмбірі мен мың бұралған би өнері сахна сәнін келтірді.

Кештің құрметті қонақтары ретінде Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының профессор-оқытушылар құрамы мен 1–3 курс студенттері қатысты.