Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Педагогика және психология институты, Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедарасы ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі білім мен денсаулық» ғылыми кездесуі өтті.

Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллект технологияларының білім беру және денсаулық сақтау жүйелеріндегі ықпалын ғылыми тұрғыда саралау, олардың тиімді қолдану тетіктерін анықтау және қатысушылардың кәсіби-цифрлық құзыреттілігін дамыту.

Дөңгелек үстелдің қонағы ретінде Алматы қаласындағы ЮНЕСКО аймақтық кеңсесінің маманы – Мейргүл Алпысбаева «Білім беруде жасанды интеллектіні пайдаланудағы адамға бағдарланған тәсіл: ЮНЕСКО принциптері мен ұсынымдары» тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шараға кафедра меңгерушісі Нұрбекова Салтанат Молотовна, институт директорының орынбасары Исаева Лаура Тілеужановна және тәжірибелі оқытушылар мен белсенді студенттер қатысып, өзара пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Дөңгелек үстел барысында жасанды интеллекттің білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мүмкіндіктері мен өзекті мәселелері кеңінен талқыланып, қатысушылар практикалық тапсырмалар жасады.