Қорқыт Ата атындағы Қызылорда халықаралық университетінде Халықаралық Пи саны күніне арналған «Pi-Synergy 2026 — International Engineering Mindsets Competition» инженерлік ойлау зияткерлік байқауында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері жеңіске жетті.

Ауқымды додаға Орталық Азияның 3 елінен 14 жоғары оқу орны мен 29 студенттік команда қатысты. Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының намысын қорғаған «PI-QUEENS» (Пи ханшайымдары) командасы күрделі инженерлік міндеттерді шешудегі шығармашылық көзқарасымен және бірегей шешімдерімен ерекшеленді.

Команда құрамында «Физика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері:

  • Назерке Ақмолда;
  • Жайна Батыр;
  • Мадина Айдынқызы;
  • Рахат Алшынбай;
  • Қарақат Асқарбай.

Зияткерлік жарыстың қорытындысы бойынша «PI-QUEENS» командасы жүзден жүйрік шығып, І дәрежелі дипломмен және 150 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Сондай-ақ, студенттердің ғылыми ізденісіне бағыт-бағдар беріп, байқауға дайындаған команда жетекшісі – химия ғылымдарының кандидаты, доцент Түгелбаева Гүлнияз жоғары кәсібилігі үшін арнайы «Алғыс хатқа» ие болды.