Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті.

Президент Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойып, 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Ата заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлықты бекітті.

                                                

Елорда төріндегі айтулы іс-шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы Кәрімова арнайы қатысты. 

                                              

Мемлекет басшысы өз сөзінде Ата Заңның тарихи маңызына тоқталып: «Жаңа Конституция – көне заманнан бері бабаларымызға бағдар болған дала заңдарының бүгінгі жалғасы, ұрпақтар арасындағы сабақтастық көрінісі», – деп атап өтті. Бұл құжат – ел егемендігінің тірегі, әділетті қоғам құру жолындағы басты бағдарымыз.

                                                

Жаңа Конституция – еліміздің демократиялық дамуы мен жаңғыру жолындағы жарқын қадамы. Тәуелсіз Қазақстанның жаңарған Ата Заңы құтты болсын! Мемлекетіміздің іргесі берік, болашағы баянды болсын!