Кәсіптік білім кафедрасы Көркем еңбек, графика және жобалау білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Қасым Мадина Үсенқызы Түркияның Нийде қаласында орналасқан Нийде Өмер Халисдемир университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Аталған тағылымдаманың мақсаты — болашақ педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, олардың тиімді педагогикалық шешім қабылдау қабілетін дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Тағылымдама барысында магистранттар шетелдік жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие жүйесімен танысып, озық педагогикалық әдістемелер мен білім беру технологияларын зерделеу арқылы өздерінің кәсіби құзыреттерін арттырды. Оқу процесін тікелей бақылап, білікті мамандармен тәжірибе алмасу нәтижесінде қатысушылар цифрлық графикалық құралдарды қолданудың практикалық дағдыларын жетілдіріп, заманауи білім беру кеңістігіндегі біліктіліктерін шыңдады.