Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Кәсіби тәжірибе және мансап бөлімінің ұйымдастыруымен «Университет-мектеп: Сенімді серіктес (AI педагогика)» атты ауқымды әдістемелік семинар өтті.
Жиынның басты мақсаты – университет пен мектеп арасындағы серіктестікті нығайту және оқу процесіне жасанды интеллект технологияларын тиімді енгізу жолдарын қарастыру.
Шараға Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, заманауи жекеменшік мектептердің және алдыңғы қатарлы білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Семинардың теориялық бөлімінде техника ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлназ Ибрагимқызы Салгараева цифрлық дәуірдегі жаңа мүмкіндіктерге талдау жасаса, №201 жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері Айтубекова Аружан Ғалымжанқызы мен Әліқұл Бақжан Рахымжанұлы сабақты оңтайландырудың нақты әдістерін көрсетті.
Тіл мамандарынан бастап STEM бағытына дейінгі әр сала өкілдері «Жасанды интеллект конструкторы» арқылы болашақтың сабағын жоспарлап, цифрлық тапсырмалар әзірледі.
Жиын қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.