Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің магистранттары Түркия Республикасындағы Niğde Ömer Halisdemir университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдаманың мақсаты – ғылыми зерттеу жұмысын жетілдіру, түркі тілдері мен әдебиеті саласындағы ғылыми тәжірибемен танысу және магистрлік диссертация тақырыптары бойынша материалдар жинақтау.
Тағылымдамадан өтіп жатқан магистранттар:
- Амангелді Зейнеп;
- Тілеген Гүлназ;
- Әлиқан Қарлығаш;
- Хашимжан Розмира;
- Марат Гүлден;
Ғылыми тағылымдаманың алғашқы күндерінде магистранттар университеттің Түркі тілдері кафедрасы мен білім-мәдениет орталығының жұмысымен танысып, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және дереккөздерді жүйелеу бойынша тәжірибе жинақтады.
Сондай-ақ тағылымдама аясында қазақ прозасы мен түрік әдебиеті шығармаларының көркемдік және мазмұндық ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізілді.
