ҚР Жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Хореография» білім беру бағдарламалары бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Елдегі өнерлі жастардың басын қосқан бұл додада болашақ бишілер мен хореографтар шеберлігін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:

  • І орын: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Томирис» ансамблі (Алматы);
  • ІІ орын: Қазақ ұлттық хореография академиясы, «Arts academy» (Астана) және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «KazNAI ballet» (Алматы);
  • ІІІ орын: Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, «Самғау» (Шымкент), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Жасын» (Алматы ), Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Томирис» (Тараз) және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «NOMAD» (Түркістан).