Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 20-дан астам студентке арналған мәдени-танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара мақсаты – шетелдік студенттердің жаңа ортаға бейімделуін жеңілдету, Қазақстан мәдениеті мен тарихына деген қызығушылығын арттыру
Бағдарлама аясында студенттер университеттің мұражайы мен көркем галереясын аралап, оқу орнының тарихы, қалыптасу кезеңдері мен жетістіктері туралы мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайына барып, еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасымен танысты.
Аталған іс-шараны университеттің Халықаралық ынтымақтастық бөлімі ұйымдастырды.
