Таңжарық Жолдыұлының 123 жылдық мерейтойына орай, Филология Институты, Қазақ әдебиеті кафедрасы «Назқоңыр» үйірмесінің жетекшілігімен ЖОО студенттері мен магистранттары арасында  «Әділетті аңсаған ақиық ақын – Таңжарық» атты VI Республикалық  дәстүрлі «Таңжарық оқулары» өтті.

Іс-шараның мақсаты – ақын-ағартушының өнегелі өмірін дәріптеп, жас ұрпақты қазақ әдебиеті мен тарихының ақтаңдақтарын ашуға, зерделеуге шабыттандыру.

Сайыс барысында қатысушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармаларына әдеби-ғылыми талдау жасады және өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасы үміткерлердің дауыс ырғағын, мәтінді түсініп жеткізуін, талдау тереңдігі мен сахналық мәдениетін жан-жақты бағалады.

Үздік болған 6 қатысушы жүлделі орындармен, 6 қатысушы Алғыс хатпен марапатталды:

  • 1-орын – Мамыт Аяулым (Қазақ ұлттық қыздар педгогикалық университеті);
  •  2-орын – Қазыбек Жалғас (Сүлеймен Демирель атындағы университет) және Орынбай Жақсыгүл (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті);
  •  3-орын – Маратбекқызы Айару (Алматы облысы, Талғар ауданы №16 орта мектеп), Асқарбек Бағдар (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) Иният Айдана (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті).